«Әкеме көлік әпердім»: Ержан Максим байқаудан алған қаржылай сыйлықты қайда жаратқанын айтты
Ержан Максим байқаудан жиналған қаржыны қалай жұмсайтынын айтты.
Қазақстандық жас әнші Ержан Максим ән байқауларында жеңіп алған сыйақыларын қайда жұмсағанын еске алды, деп хабарлады turkystan.kz.
Жас әнші қаржылай сыйлықты әрдайым отбасына жарататынын ашық айтты.
"Голос. Дети" байқауында маған, әрине, 1 миллион рубль берді. Ол кезде 8 миллион теңге болатын. Сол 8 миллион теңгеге үйдегі барлық кредитті жаптық. Содан кейін әкеме көлік алып бердім. Сондай бір күшті, керемет сезім болды сол кезде. Сол байқаудан кейін, әрине, бір ағаларым болды. Ол кісілер iPhone, iPad, MacBook берді. Жалпы техниканы көп алғанмын", - деді ол Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы 1001 түн бағдарламасының эфирінде.
Айта кетерлігі, жақында әнші Дубайда өткен байқаудан гран при жеңіп алып, Астана қаласына оралды.