Отандастарымыздың әлеуметтік деңгейінің күрт төмендеуіне жол бермеу қажет – Ерлан Саиров

15 қаңтар, 2025 / Дана Ізтілеуова
фото: elorda.info
«Баға қайда кетіп барасың» деп жыламсырайтын жағдайға жеттік.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің барлық реформаларымыз азаматтардың өмір деңгейі мен сапасын арттыру үшін жасалады» – деп әрдайым айтып келеді. Алайда Үкіметтің жасап жатқан шараларына қарамастан,  халқымыздың әл-ауқаты артар емес. Осы орайда Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров Мәжіліс отырысында қымбатшылық мәселесін көтеріп, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдады.

«Ұлттық статистика Бюросының мәліметтеріне сүйенсек, жан басына шаққандағы кіріс 112-мың теңге құрайды, оның 98-мың теңгесі тек қана азық-түлік, киім-кешек, коммуналдық қызметті төлеуге кетеді.Мысалы, Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, күріштің бағасы 31,3-пайызға, жұмыртқа 16,9-пайызға, сары май мен сүт өнімдерінің бағасы 12 пайызға өскен. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа келсек, коммуналдық қызметтер орташа алғанда 25-пайызға қымбаттаған. Бұл жағдай азаматтардың шығынын арттырып, кірістерін төмендетіп жібергендігі анық. «Баға қайда кетіп барасың» деп жыламсырайтын жағдайға да жеттік!», – дейді депутат.

Ал еліміздегі ең төменгі төлем екі жыл болды 85-мың теңгеден көтерілмей тұр.

«Халықаралық турбуленттілікке, ірі экономикалардың өзара «сауда соғыстары» мен тарифтік шиеленістеріне байланысты  биыл Қазақстанның да экономикалық көрсеткіштері баяулап, әсіресе импорттық тауарлардың бағасы одан әрі өсу ықтималдылығы зор. Халықаралық жағдайдың күрделіленуіне байланысты дүниежүзі экономикасы да тұрақсызданатындығы сөзсіз! AMANAT Фракциясы бүгінгі аумалы-төкпелі кезеңде біздің отандастарымыздың әлеуметтік деңгейінің күрт төмендеуіне жол бермеу қажет деп есептейді!», – деді Ерлан Бияхметұлы.

 Осы ретте ол Үкімет шұғыл түрде келесі қадамдарды қабылдауды ұсынды:  

Тэгтер:

депутаттық сауал Ерлан Саиров