Жетісу облысында 2 ірі есірткі зертханалары жойылды
Соттың санкциясымен 5 адам қамауға алынды, оның екеуі шетел азаматтары.
Жетісу облысында синтетикалық есірткі өндіретін 2 жасырын зертхананың жолы кесілді. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімедеді.
Заңсыз айналымнан 10 кг-нан астам «мефедрон», шамамен 5 кг сұйықтық (кристалдану процесінде), 200 литр прекурсорлар, электронды таразылар, синтетикалық есірткі өндіру нұсқаулары бар дәптер, сұйықтық құйылған канистрлер, сондай-ақ «синтетик» өндіруге арналған құрылғылар тәркіленді.
Соттың санкциясымен 5 адам қамауға алынды, оның екеуі шетел азаматтары.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.