Спорт

Қазақстандық гимнастшы спорттағы мансабын аяқтады

Olympic.kz

Бұл туралы үш дүркін Азия чемпионы Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының көшбасшысы, Париждегі (Франция) 2024 Олимпиада ойындарының қатысушысы Эльжан Тәниева спорттық мансабын аяқтады.

Бұл туралы үш дүркін Азия чемпионы Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

"Мен кәсіби мансабыммен қоштасамын. Бұл мен үшін жай ғана спорт емес, өмірімнің бір бөлігі болды.

Мен төрт жасымда алғаш рет гимнастика залына кірген күнді ешқашан ұмытпаймын. Сол кезде мен кішкентай бала болсам да, жүрегімде олимпиада арманын орындауға деген ұмтылыс болды.

Кілемге шығар алдындағы толқу, прожектор жарығы астындағы әр қозғалысым, көрермендердің шапалағы – мұның бәрі мәңгі есте қалады.

Бұл жол оңай болған жоқ. Кейде күшім таусылғандай, қиындықтар еңсерілмейтіндей көрінетін сәттер болды. Бірақ дәл сол сәттерде маған сенген адамдар жанымнан табыла білді.

Мен бапкерлеріме шексіз алғысымды білдіремін. Олар маған гимнастика өнерін ғана емес, күш-жігер мен сенімділік сыйлады. Алия Юсупова, сіздің қолдауыңыз бен еңбегіңіз үшін шексіз ризамын. Сіз мен үшін екінші анамдай бола білдіңіз.

Сонымен қатар, мен ата-анама ерекше алғысымды айтамын. Сіздердің сүйіспеншіліктеріңіз бен қолдауларыңыз мені әрдайым алға жетеледі.

Жанкүйерлеріме де ризашылығымды білдіремін. Сіздердің шапалақтарыңыз, қуаттарыңыз мен үшін баға жетпес сый болды.

Мен әрдайым кілемге сұлулық сыйлап, жүректеріңізді баурауға тырыстым. Бұл мақсатым орындалды деп сенемін.

Кілем менің өмірімдегі ең бақытты сәттердің мекені болды. Әрбір өнер көрсетуім таза бақыт еді.

Бұл тарауды аяқтай отырып, спортпен біржола қоштаспайтынымды айтқым келеді. Маған осы жолды сыйлаған мүмкіндіктер үшін алғыс айтамын. Алда да қызықты сапар күтіп тұрғанына сенімдімін", – деп жазды Таниева.

Айта кетейік, Тәниева Азия чемпионатының үш алтын медалі, Азия ойындарының екі күмісі, Марбельядағы Гран-при жарысының алтын жүлдесі және Әлем кубогының медальдары бар. Сондай-ақ, ол Париждегі Олимпиада ойындарына қатысқан.