Жамбыл облысында 8-сынып оқушысын өлтірген 3 оқушы сотталды
Кеудесінің сол жақ бөлігінен алған соққылардың салдарынан кәмелетке толмаған оқиға орнында қайтыс болған.
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша айыпталған үш кәмелетке толмаған оқушыға қатысты қылмыстық іс қарады.
Сотпен нені анықтады?
Кәмелетке толмаған сотталушылар адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы, Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы мектептің әжетханасында 8-ші сынып оқушыларын жинап, бағыну мен нұсқауларын орындауды талап етіп, олардың кеуде тұсынан жұдырықпен ұрған.
Кеудесінің сол жақ бөлігінен алған соққылардың салдарынан кәмелетке толмаған оқиға орнында қайтыс болған.
Тараптардың позициясы
Прокурор қылмыстардың жиынтығы бойынша:
Л. Н-ға - 6 жыл 8 айға бас бостандығын айыру (ҚК-нің 293-б. 2-б. 1-т.,106-б. 3-б.),
Л. Л-ға - 8 жылға бас бостандығын айыру (ҚК 293-б. 2-б. 1-т., 28-б. 4-б. – 106-б. 3-б.),
Т-ға - 1 жылға бас бостандығын шектеу (ҚК 293-б..2-б .1-т.) жазаларын тағайындауды сұрады.
Сотталушылар кінәларын ішінара мойындады.
Дәлелдемелер бойынша
Кінә іс бойынша жиналған дәлелдемелермен: жәбірленушілердің, куәлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
Сот жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушылардың кәмелет жасқа толмағандығын таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот шешімі
Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, Л.Н-ға - 6 жыл 8 айға бас бостандығын айыру, Л.Л-ға - 6 жыл 8 айға бас бостандығын айыру, Т-ға - 1 жылға бас бостандығын шектеу жазалары тағайындалды.
Мемлекет кірісіне сот сараптамаларына жұмсалған процестік шығындар, жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлем, сондай-ақ жәбірленуші тараптың пайдасына сотталғандар Л.Н-ның заңды өкілінен 6 млн теңге, Л.Л-дің заңды өкілінен 5 млн теңге моральдық зиян өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.