Халықаралық олимпиада жеңімпаздары ҰБТ-дан босатылмайды

Халықаралық олимпиада жеңімпаздары ҰБТ-дан босатылмайды

Халықаралық олимпиада жеңімпаздары ҰБТ-дан босатылмайды
ашық дереккөзі
Биылғы жылы халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары да ҰБТ-ға қатысатын болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде «2016-2017 оқу жылында жалпы орта білім беру мектептеріндегі қорытынды аттестаттаудың жаңа форматы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихаты барысында Павлодар облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Қарамбаев мәлім етті деп хабарлайды pavlodarnews.kz. «Ерекше үлгідегі аттестатқа үміткерлер мен "Алтын белгі" иегерлері, жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалар бойынша түрлі сайыстардың жеңімпаздары жалпы негізде тест тапсыратын болады. Дегенмен мұндай санаттағы түлектерге жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, екі талапкер де тең дәрежеде ұпай жинаған болса, "Алтын белгі" немесе ерекше аттестат иегеріне басымдық беріледі. Тест тапсырмаларында Баян Есентаева туралы сияқты орынсыз сұрақтар болмайды. Сауалдарды дайындайтын Астанадағы сарапшы топтың ішіне павлодарлық белгілі ұстаздар да кірген», - дейді Жомарт Қарамбаев. Еске сала кетейік, былтыр 2016 жылы ҚР «Білім туралы» Заңының мектеп бітірушілерін ҰБТ-ға қатысудан босату бөлігіне өзгерістер енгізуге байланысты соңғы үш жылда жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары атанған 43 мектеп бітіруші ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылған болатын.