Жаңалықтар

226 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды – ІІМ

Polisia.kz

2024 жылы Ішкі істер органдары «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасын үш рет өткізіп, есірткі заттарының заңды айналымы саласында 38 қылмыстық және 633 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Оның ішінде заңсыз фармацевтикалық қызметтің 46 дерегі, дәрілік заттардың айналымы мен ережелердің бұзылуының 260 дерегі анықталды. 

500-ден астам лауазымды тұлға, оның ішінде 226 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Түркістан облысында 48 жастағы жүргізуші ұсталды, оның көлігінен полиэтилен пакеттері мен қораптар табылды. Тексеру кезінде дәріханадан жалған рецепт бойынша алынған 2500-ге жуық «трамадол» таблеткасы тәркіленді. Аталған препарат опиоидты топтағы есірткі заттарына жатады және арнайы тізімге енгізілген. 

– Ішкі істер министрлігі дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялардың басшыларына және қызметкерлеріне медицинада пайдаланылатын есірткі және психотроптық заттардың айналымын реттейтін заңнаманы қатаң сақтауға шақырады. Бұл саладағы құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске саламыз, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.