Алматыда шетелдік есірткі сатушы ұсталды
Ол қаладағы тұрғын үйлердің бірінде жасырынып жүрген
26 жастағы Станислав Конаков, есірткі қылмысын жасағаны үшін Ресей Федерациясы ІІМ-мен мемлекетаралық іздеуге жарияланған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Сот оған бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу туралы шешім қабылдаған болатын. Алайда, күдікті қашып кеткен.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қашқынды Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға түсірді. Ол қаладағы тұрғын үйлердің бірінде жасырынып жүрген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешілуде.