Қоғам

«Маскаларың шешіледі»: Қарақат Әбілдина кіші қажылыққа барды

Әнші қажылық кезінде алған әсерін бөлісті.

Қарақат Әбілдина Меккеге барған сапары жайында жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қасиетті жерге алғаш 2007 жылы келген едік. Екінші ұлыма Имашыма 3 айлық аяғым ауыр болатын. Тұңғышымыздан кейін сегіз жыл бала тұрмай , сол жылы Бекболатымыз бір қауіптен аман қалып , әкемнен айырылып жан дүнием боп-бос болып, абыржыған кез еді. Ұлық Алла өзі шақырғандай жолымыз түседі . Алғаш аль-Харамға қадам басып, қағбаны көзіммен көрген кездегі әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Әкем тіріліп келетіндей еңірегенім әлі есімде. Бұл қасиетті жерде көзіңе жас алмау тіпті де мүмкін емес. Жүрек көзің ашылатыны сондай,өзіңнің шынайы табиғатыңды, қайдан келіп, қайда баратыныңды терең сезінесің. Күнделікті тірлікте тағып жүрген түрлі маскаларың шешіледі. Қысқасы, өз пенделік ақиқатыңды білесің… Міне,Алланың қалауымен 16 жылдан кейін бала-шағамызбен келіп, кіші қажылықты өтедік. Шүкір. Енді Үлкен қажылыққа келу бұйырсын. 2025 жылдың басын қасиетті жерден бастағанымызға қуаныштымыз», — деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.