Қоғам

Ләйлә Сұлтанқызы өзіне көмектесіп жүрген азаматтың суретін жариялады

Сурет Ләйлә Сұлтанқызының парақшасынан алынған

Белгілі тележүргізуші ол жайында жылы пікір айтқан.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желідегі оқырмандарына өміріндегі ең маңызды адамдардың бірін көрсетті, деп жазды turkystan.kz.

«Менің інім Ерлан видеоға түсіргенімді қаламай отыр. Себебін сұрасам: «қартайып қалдым» дейді (күліп). Ерлан, қартайған жоқсың. Бәрі әдемі! Өз жасыңа сай. Осы балаға рахмет! Жеңгесінің бала-шағасына қарайды. Өз балалары да бар. Анама және маған да көмектеседі. Ортамызда жүріп, кіші інімізге де қарайласады. Барлық бауыры үшін шырылдап жүреді. Рахмет!» — деді Ләйлә Сұлтанқызы.