Ұлттық банк валюта айырбастау ережелерін өзгертеді

14 қаңтар, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Ұлттық Банк «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма қаулысының жобасы әзірленгенін хабарлады. 

Жаңа жобаға сәйкес, айырбастау пункттерінде шетел валютасын теңгеге сатып алу мен сату бағамдарының айырмашылығы келесідей белгіленеді:

Бұл өзгерістер валюта нарығындағы алыпсатарлықты азайтып, қаржы нарығы қатысушыларының тәуекелдерін төмендетуге бағытталған. Қолма-қол ақшасыз операцияларға бұл шектеулер әсер етпейді.

Тэгтер:

Валюта Ұлттық банк