Жаңалықтар

Түркістан облысында оңалту орталығының басшысы сотталды

istockphoto.com

Олар мүгедек балалардың денсаулығын жақсарту үшін бөлінген 85 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған.

Түркістан облысында оңалту орталығының басшысы мен бас есепшісі сотталды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Qazaqstan.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Олар мүгедек балалардың денсаулығын жақсарту үшін бөлінген 85 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған.

Облыстық экономикалық тергеп-тексеру Департаментінің мәліметінше, сотталғандар бұл қылмыстарын 2018-2024 жылдар аралығында жүйелі түрде жасап келген. Ал осы жылдар аралығында мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге арналған оңалту бағдарламаларына қаржы тапшы болған еді. Сот барысында орталық басшысының құны 35 млн теңге тұратын пәтері тәркіленді.

 «Қазіргі таңда сот үкімімен аталған оңалту орталығының басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды және аталған орталықтың бухгалтері 7 жылға қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді», – Түркістан облыстық тергеп-тексеру Департаментінің аға жедел уәкілі Гүлзия Қарсыбай.