Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева өкілеттігін тоқтатты

14 қаңтар, 2025 / Дана Ізтілеуова
www.parlam.kz

"Қазақстан Халық партиясынан" сайланған Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 4 және 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігі Бюросының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 27 қаулысының негізінде Гаухар Шаймерденқызы Танашева Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігін жоғалтты деп танылсын", – делінген хабарламада.

 

 

Тэгтер:

Мәжіліс депутат өкілеттік