Жаңалықтар

Ақтөбеде кепілге алынған адамдар: Оқиғаның мән-жайы анықталды

t.me/diapazonnews

Әйелді кепілге алған оның бұрынғы танысы болып шықты.

13 қаңтар күні кешке Ақтөбеде белгісіз біреу бірнеше адамды кепілдікте ұстап отырғаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейін күдікті ұсталып, кепілде болған үш адамның екеуі қайтыс болған еді.

Полицияның мәліметінше, әйелді кепілге алған оның бұрынғы танысы болып шықты.

«Күдікті ешқандай талап қоймаған. Үш сағаттық келіссөздерден кейін күдікті кепілге алынған адамды босатудан бас тартқан. Сол себепті шабуыл жасау туралы шешім қабылданған», - деді облыстық полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов.

Арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылды.

«Оқиға болған жерді зерделеу барысында жертөледе пышақ жарақаттарымен егде жастағы ата-анасы табылды. ​Өкінішке қарай, зардап шеккендердің бірі тасымалдау кезінде, ал екіншісі ауруханада көз жұмды. Үшінші жәбірленушіге дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.

​Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», –  деді полиция.