Павлодардағы пансионатта мүгедектігі бар зейнеткерлерді ұрып-соққан
Сондай-ақ пансионат қызметкерлері ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген.
Павлодар қаласының прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді үнемі ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады.
Прокуратураның ақпаратынша, пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзған (тамақтануды, қозғалысты шектеді, ұрып-соқты) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген.
«Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», – делінген хабарламада.