Жаңалықтар

Қызылорда облысында браконьерлерден 30 киіктің еті тәркіленді

istockphoto.com

Сараптама қорытындысына сай, мемлекетке 80 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Қызылорда облысында екі браконьердің көлігінен 30-дан астам киік еті, 5 киік басы шыққан.

Сараптама қорытындысына сай, мемлекетке 80 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты екі адамға қатысы қылмыстық іс қозғады. 

Сот сотталушыларды ҚК-нің 337-бабы, 6-бөлігі, 2)-тармақшасы бойынша кінәлі деп танып, оларды 7 және 8 жылға аң аулау құқығынан айыра отырып, 6 және 7 жылға соттады.

Олардан ортақтасқан тәртіпте 77 млн теңгеден астам материалдық шығын өндірілді.