ШҚО-да 1 ай бойы іздеуде жүрген алаяқ Ақмола облысында ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында іздеуде жүрген алаяқты полицейлер Ақмола облысында ұстады.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жәбірленуші көлік сатамын деп сендірген 27 жастағы ер адамға 350 000 теңге берген.
«Алайда алданып қалғанын түсінген полицияға жүгінді. Бір айдан астам уақыт іздеуде болған күдікті Ақмола облысындағы демалыс базаларының бірінде ұсталды. Белгілі болғандай, ол сол жерде жасырынып келген», — делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Айта кетейік, 2024 жылы Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 45 қылмыскерді ұстады. Олардың 19-ы бұрын жасалған қылмыстар үшін іздеуде болған.