Бүгін 8 қалада ауа сапасы нашарлайды

14 қаңтар, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto.com
Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады

— 2025 жылғы 14 қаңтарда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Атырау, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.