Ақтөбеде белгісіз біреулер бірнеше адамды кепілдікке алғаны туралы ақпарат тарады
Видеода оқиғаның жер үйлердің бірінде болып жатқаны байқалады
Ақтөбеде белгісіз біреулер бірнеше адамды кепілдікте ұстап отырғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады turkystan.kz порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Желідегі мәліметтерге жүгінер болсақ, оқиға Рысқұлбеков көшесіндегі үйлердің бірінде болып жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреулер бірнеше адамды қорада кепілдікте ұстап отыр. Ал aktobe_live паблигі таратқан видеоға мән берсек, оқиғаның жер үйлердің бірінде болып жатқаны байқалады.
Оқиға орнына барлық жедел әрекет ету күштері жіберілді: полиция, өрт сөндірушілер және дәрігерлер. Үйге жақын тұстарды құқық қорғау органдары қоршауға алды.
Құзырлы органдардан оқиғаға қатысты әзірге ресми ақпарат хабарланған жоқ.