«Күйеуі еңбекқор»: Жазира Байырбекова табысты еркектер жайында сөз қозғады
Әнші күйеуімен бірге түскен фотосын жариялады.
Жазира Байырбекова жары Жанболат Ербатыровпен бірге түскен суретін желіде бөлісті, деп жазды turkystan.kz.
Сонымен қатар өнер адамы табысты ер-азаматтар хақында жазба қалдырған.
«Күйеуі еңбекқор, табысты, абыройлы, жетістікке жетіп жатқан келіншектер күйеуінің осындай дәрежеге жеткені «менің мықты, ақылды болғанымнан, яғни күйеуімді осылай мен жасадым» деп жатады әйелдер арасында. Бір қызығы жетістікке жетіп, өсіп жатқан жігіттер әйелінің осы ойына сенеді, мойындайды, әйелін құрметтейді. Ал өзгергісі, дамығысы, өскісі келмейтін, жалқау, қырсық, керітпртпа жігіттерді өзгерту әйелдің қолынан келе ме қалай ойлайсыздар? Ер адамның табысты, мейірімді, отбасына қамқор болуы үйленгенге дейінгі болмысы сияқты менің ойымша...», — делінген жазбада.