Смартфон арқылы алжудың алғашқы белгілерін ертерек анықтауға болады – зерттеу
Ғалымдар смартфоннан алынған навигациялық деректер Альцгеймер ауруының ерте белгілерін анықтауға көмектесетінін анықтады. PLOS Digital Health журналында жарияланған зерттеу нәтижелері когнитивтік қызметі төмендеген, деменция қаупі жоғары егде жастағы адамдардың жол табу кезінде мінез-құлық үлгілері өзгеше болатынын көрсетті.
Негізгі белгі – «бағытты қайта анықтау үзілістеоі» деп аталатын үзілістердің жиілігі. Бұл деректер когнитивті бұзылыстары бар адамдарды сау адамдардан ажыратуға мүмкіндік береді.
2050 жылға қарай деменция үш есе артады деп болжануда, сондықтан оны ертерек анықтау аса маңызды. Смартфондар күнделікті өмірдегі мінез-құлық деректерін жинау арқылы когнитивтік өзгерістерді бақылаудың тиімді және қолайлы құралына айналуы мүмкін.