Жаңалықтар

Шымкентте 4 құрылыс компаниясына 3 млн теңге айыппұл салынды

istockphoto.com

Қалалық прокуратура тұрғын үй құрылысына үлескерлердің қаражатын тарту мақсатында заңсыз жарнама жасаған 4 компанияны анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 млн теңге айыппұл салынды.

Қала тұрғындарына үлестік құрылысқа қатыспас бұрын құрылыс компанияларының лицензиялары мен рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеріп, олардың құжаттарының дұрыстығына көз жеткізуге кеңес береді.