Атыраудағы мектептердің бірінде оқушылар қашықтан оқиды
Электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілгеннен кейін мектеп қалыпты режимде жұмысын қайта бастайды деп түсіндірілді
Атыраудағы мектептердің бірінің оқушылары жылыту мен электр энергиясының жоқтығына байланысты уақытша онлайн форматта оқуға ауыстырылды.
Atyrau online сайтының мәліметінше, оқиға Салық Зиманов атындағы №37 мектеп туралы болып отыр.
“Мектепті электр қуатымен қамтамасыз ететін жер асты желілерінде ақау анықталды. Қазіргі уақытта мәселені жою бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде,” – делінген хабарламада.
Электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілгеннен кейін мектеп қалыпты режимде жұмысын қайта бастайды деп түсіндірілді.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, жұмыс барысы мен жағдайды тұрақтандыру жергілікті билік пен тиісті ұйымдардың бақылауында.