Елімізде жаңа жылдағы рейд кезінде 4,9 млн теңге айыппұл салынды

12 қаңтар, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com
Әкімшілік айыппұлдардың сомасы 4,9 миллион теңгеден асты

Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында жүргізілген рейдтер барысында 4,9 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлады polisia.kz.

«Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде 711 мобильді топ құрылып, 2 450 рейдтік шара өткізілді. Рейдтердің басты мақсаты заңсыз шырша ағаштарын кесу, тасымалдау және сатуды болдырмау еді», — деп жазылған хабарламада.

Рейд барысында 1 011 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде:

Жалпы әкімшілік айыппұлдардың сомасы 4,9 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар 4 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді.

Тэгтер:

Айыппұл