Қостанай облысында желтоқсан айының соңында жоғалып кеткен ер адамның қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлады “ТоболИнфо”.
23 желтоқсанда Тобыл ауылының тұрғыны Ерден Ольмисеков үйінен шығып кетіп, сол күннен бері хабар-ошарсыз кеткен.
Оның денесі Бейімбет Майлин ауданына қарасты Новоильиновка ауылындағы темірбетон зауытының аумағынан табылды. Алдын ала ақпарат бойынша, зорлықпен өлтіру белгілері анықталған жоқ.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізілуде.