Павлодарда қашып кеткен 15 қылмыскер шетелде ұсталды
Мәліметке сүйенсек, қылмыс жасағаны үшін қашқындар сот алдында жауап береді
Күдіктілер алаяқтық, тонау, бопсалау, ұрлық және басқа да қылмыстар үшін ұзақ уақыт іздестірілді, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құқықбұзушыларды іздеу тек ел ішінде жедел іс-шаралар өткізумен шектелмейді. Іздестіру елден тыс жерлерде де жүзеге асырылады.
Үйлестірілген қызмет және 2024 жылдың өткен кезеңінде шетелдік юрисдикциялардағы халықаралық әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл нәтижесінде Германия, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан сияқты мемлекеттердің аумағында 15 қылмыскер анықталды, – деді департамент өкілі.
Мәліметке сүйенсек, қылмыс жасағаны үшін қашқындар сот алдында жауап береді.