Алматыдан 77 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Жерасты дүмпулері Астана уақытымен 16:15-те тіркелген
Бүгін, 11 қаңтарда Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 77 шақырым жерде жер сілкінісі болды.
Геофизикалық зерттеулер институтының мәліметінше, жерасты дүмпулері Астана уақытымен 16:15-те тіркелген.
Жер сілкінісінің магнитудасы 3,8 баллды құрады. Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік 43,59°, шығыс бойлық 77,80°. Энергетикалық класы K=8,8 деп көрсетілген.