19 жастағы қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева Түркияның Анталия қаласында өткен ITF W15 турнирінің жұптық сайысында чемпион атанды.
Қазақстандық спортшы жарысқа түркиялық серіктесі Илай Йорукпен бірге қатысып, турнирдің 2-ракеткасы ретінде тіркелген болатын.
Финалда Сандуғаш пен Илай Германия өкілі Мина Ходжич пен Швейцария теннисшісі Мари Меттрауксқа қарсы бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда қазақстандық-түркиялық жұп жеңіске жетті – 6:4. Екінші партияда қарсыластары есепті теңестірді – 5:7. Алайда супер тай-брейкте Сандуғаш пен Илай жеңісті жұлып алды – 10:8.
Финалдық матч шамамен 1,5 сағатқа созылды.