Ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті

11 қаңтар, 2025 / Алуа Арман
Ашық дереккөз
Мекемтас Мырзахметұлы 95 жасына қараған шағында қайтыс болды

Абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы 95 жасына қараған шағында қайтыс болды.

Мекемтас Мырзахметұлы 1930 жылы 9 мамырда Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Майтөбе ауылында дүниеге келген. 

Ғалым өмір бойы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын зерттеуге ден қойып, "Толық адам" іліміне терең талдау жасады.

Мекемтас Мырзахметұлы Қазақстанның түрлі ғылыми-зерттеу институттарында, университеттерде қызмет атқарды. 1975-1991 жылдары Қазақстан ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтында Абайтану бөлімінің меңгерушісі болды. Сонымен қатар ол Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің кафедра меңгерушісі және ғылыми орталықтарының жетекшісі қызметін атқарған.

Тэгтер:

ғалым