Қостанай облысында 24 жастағы әйел айдаладан табылды

10 қаңтар, 2025 / Өтей Торғайұлы
сурет ашық дереккөзден алынды
Іздестіруге құтқарушылар, полиция, ЖАО күштері, сондай-ақ кинологиялық жасақтар тартылған.

ТЖМ қызметкерлері Қостанай облысында екі күндік іздестіруден кейін далада әйелді құтқарды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жангелдин ауданында 2000 жылы туған әйелді іздеу жұмыстары сәтті аяқталды, ол 8 қаңтар күні кешке үйінен белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Жоғалған адамды құтқарушылар айдаладан тауып алды. Ол жедел жәрдем дәрігерлерінің тапсырылып, Торғай ауылының ауруханасына жеткізілген.

Іздестіруге құтқарушылар, полиция, ЖАО күштері, сондай-ақ кинологиялық жасақтар тартылған.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от “Қостанай таңы” ресми парақша (@qostanai_tany)

Тэгтер:

Қостанай облысы Әйел Жоғалды