Жаңалықтар

Астаналық оқушы халықаралық олимпиададан абсолютті жеңімпаз атанды

Астана әкімдігі

Елордалық оқушы химия пәні бойынша сайысқа түскен.

Астана қаласындағы Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Саулебек Алидан халықаралық аренада ғылыми олимпиадаға қатысып, абсолютті жеңімпаз атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Елорда әкімдігінің ақпаратынша, әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген дарынды оқушылар қатысқан СОРЕRNICUS олимпиадасы физика, химия, биология, география пәндері бойынша өтті. Елордалық оқушы химия пәні бойынша сайысқа түскен.