Асхат Аймағамбетов: Қазақстанда мұғалім жетіспейді деген сөз – миф
Мұғалімдердің айлығын үш есе көтердік.
«Біз мұғалімдердің айлығын үш есе көтердік. Бүгін олар басқа секторда жұмыс істейтін адамдардан, тіпті көрші елдердегі әріптестерінен жоғары жалақы алады», – дейді депутат.
Алайда 10 мың педагог жетіспейтіні туралы әңгіменің шындыққа жанаспайтынын айтады. Оның сөзінше Астана сияқты ірі қалаларда қазақ тілі мен дене шынықтыру мұғалімдеріне вакансия жетіспейді. Сыныптар біріктірілген, оқу сағаты аз ауылдық жерлердегі шағын мектептерде шынымен мұғалім жетіспеушілігі бар. Ол мектептерде жүктеме аз. Қандай математика немесе ағылшын пәні мұғалімі 0,5 ставкаға жұмыс істеуге келеді?
«Жыл сайын педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындары 40 мыңға жуық мұғалім дайындап шығарады. Бірақ олардың көбі, әсіресе дене шынықтыру және қазақ тілі мамандары жұмыс таба алмайды. Себебі нарықта бұл мамандар көп», – деді ол.