«AMANAT» партиясы – азаматтардың идеясы мен мемлекеттің әрекеттері арасындағы алтын көпір
Республика бойынша «AMANAT» партиясының 226 қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді
Тек осы аптада еліміз бойынша 500-ден астам өтініш қабылданып, 100-ден астам қабылдау өткізілді. Нәтижесінде, шамамен 350 адам өз мұң-мұқтаждарын мемлекеттік орган өкілдеріне, депутаттарға және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жеке жеткізді.
Мәселен Түркістан облысы Созақ ауылдық округінің тұрғыны Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаровтың қабылдауында суармалы жерлерді тиімді пайдалануды арттыру үшін су қоймасы салуды сұрады. Аталған округте 10 мыңнан астам адам тұрады, ал 2024 жылы егіс алқабы тек 2300 гектарды қамтыған. Түркістан облысының Бабайқорған ауылының тұрғындары жақын маңдағы су қоймасынан ауылға дейін бетон арық жүйесін салуды ұсынды, бұл судың шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
Семей қаласының тұрғындары Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиевпен кездесуде шаңды қалдықтар мәселесін көтерді. Әсіресе, бұл проблема облыс орталығының құрамына кірген Восход, Водный және Озерки елдімекендерінің тұрғындары үшін өзекті. Сонымен қатар Степногорск қаласының тұрғыны табиғатты пайдаланудағы коммерциялық тиімділікті арттыру жөнінде ойларымен бөлісті.
Барлық айтылған ұсыныстар мен өтініштер жақын арада қаралып, партия мүшелерінің бақылауында болады.
Еске сала кетейік, республика бойынша «AMANAT» партиясының 226 қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді, оның ішінде 1 республикалық, 20 өңірлік және 205 аумақтық қабылдау бар. Жалпы, 2024 жылы қоғамдық қабылдауларға 110 мыңнан астам адам жүгініп, 25 мыңға жуық азаматтарды қабылдау өткізілді. Барлық өтініштердің 60%-ы оң шешімін тапты.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партия жұмысын қайта құруды тапсырған болатын. Ол партияның қоғамдық қабылдаулары азаматтар үшін тек шағым айту орындары ғана емес, елді дамытуға қатысты нақты идеяларын жеткізуге арналған орталыққа айналуы керектігін атап өтті.
Өз сұрақтарыңызбен «AMANAT» Республикалық қоғамдық қабылдауына келесі байланыс нөмірлері арқылы жүгіне аласыз:
1. Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау тегін);
2. WhatsАpp: 8 700 800 4441;
3. E-mail: komek@amanatpartiasy.kz.
Қабылдауға жазылу қабылдау күніне дейін 3 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүргізіледі.