Жаңалықтар

Ақтауда әскери-тергеу басқармасының басшысы ұсталды

istockphoto.com

Әскери-тергеу басқармасы басшысы пара алу күдігіне іліккен.

Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы басшысының ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім етті.

ҰҚК-тің мәліметінше, әскери-тергеу басқармасы басшысы пара алу күдігіне іліккен.

– Қылмыстық кодекстің 366 бабына сәйкес «пара алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.