Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

10 қаңтар, 2025 / Админ
polisia.kz
25 тоннадан астам ұрланған мұнай өнімдері тәркіленді.

Қызылорда облысының Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қаладағы кәсіпорыннан мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан топты ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Қылмыстық схемаға өндіріс нысанының қызметкерлері мен күзетшілері тартылған. 20-дан астам тінту шаралары жүргізілді. 25 тоннадан астам ұрланған мұнай өнімдері тәркіленді. Күдіктілердің әрекетінен кәсіпорынға келтірілген алдын ала шығын 200 миллион теңгеден асады. Полицияға 12 адам жеткізілді, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы мұнай өнімдерін ұрлау және тиісті құжаттарсыз тасымалдау фактілері бойынша тергеу жүргізуде, – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Тэгтер:

Ұйымдасқан қылмыстық топ