Атырауда әйел кісі сегізінші қабаттан секіріп кетті
Қайғылы оқиға 9 қаңтарда болған.
45 жастағы әйел тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.
«Күндізгі сағат 11:00 шамасында 1979 жылғы әйел Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағын ауданындағы көпқабатты үйдің бірінің 8-қабатынан құлаған. Қазір әйелдің өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр, — делінген Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
Аталған дерек бойынша кешенді тергеу амалдарын жүргізу басталды. Әйелдің бұл әрекетіне не себеп болғаны анықталып жатыр.