Мас жолаушы Астанаға бара жатқан пойыздың әйнегін сындырды
Оған 300 мың теңге айыппұл салынды.
Қостанай облысының 48 жастағы мас тұрғыны пойызда тамбурдың есігіне арналған әйнекті сындырып тастады, деп хабарлады turkystan.kz.
Оған 300 мың теңге айыппұл салынды.
Ер адам бүкіл жол бойы алкоголь ішіп, есік әйнегін сындырып жіберген. Сонымен қатар, ол заңды талаптарға қарсылық көрсеткен.
Пойыздан жолаушы Айтеке би станциясында Ақтөбе облысындағы көлік полицейлері тарапынан түсірілген.
«Оған алкоголь ішкені немесе мас күйде қоғамдық орындарға шыққаны, ұсақ бұзақылық жасағаны, құқық қорғау органының заңды талабына бағынбағаны бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, материал сотқа жіберілді. Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, 85 МРП (334 220 теңге) көлемінде айыппұл салынды», – деп хабарлады көлік полициясы.