Ұлытау облысында мал ұрлаған бір топ адам ұсталды
Қазіргі уақытта барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ұлытау облысында мал ұрлығы ашылып, күдіктілер тобы ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz. Қаңтар айының басында Сәтбаев қаласында жеке шаруашылықтардан ірі қара малдың ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Белгісіз біреулер саяжайларда орналасқан қоралардан сиырларды ұрлап кеткен. Ұрлық туралы алғашқы хабарлама 2 қаңтарда түсті. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция күдіктілер тобын ұстады. Олардың арасында жәбірленушінің көршілері де болғаны анықталды.Күдіктілер түнде қораға кіріп, сиырларды алып шығып, қаладан 5 шақырым қашықтықта апарып сойған.
Қазіргі уақытта барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.