Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды.
Ерлан Сәрсембаев 1975 жылы Алматы облысы, Талғар ауданының Октябрь ауылында дүниеге келген.
2017-2019 жылдары ҚР Парламент Сенатының Аппарат жетекшісінің орынбасары болған.
2023 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясы қызметін атқарған.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталған.