Президент «ҚазМұнайГаз» компаниясының төрағасын қабылдады

9 қаңтар, 2025 / Інжу Әлихан
Akorda
Мемлекет басшысына ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы жөнінде есеп берілді.

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады.

Президентке ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы жөнінде есеп берілді:

Сондай-ақ, Асхат Хасенов былтыр мұнай тасымалдау көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 4 пайызға артып, 83,6 миллион тоннаны құрағанын айтты.

«2024 жылы отандық мұнай өңдеу зауыттарында 17,44 миллион тонна мұнай өңделді. Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеңіл мұнай өнімдері өндірісін 2023 жылмен салыстырғанда 370 мың тоннаға ұлғайту шаралары қабылданды», – деді компания төрағасы.

Асхат Хасеновтің есебінен:

Кездесу соңында Президент геологиялық барлау жүргізуге, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және мұнай-газ химиясын дамытуға қатысты жұмысты жүйелі жалғастыруды тапсырды.

Тэгтер:

Ақорда ҚазМұнайГаз төраға