Спорт

Қазақстандық жасөспірімдер Үндістанда гандболдан өткен турнирде қола ұтты

instagram/sport_baskarmasy

Спортшыларды жаттықтырған облыстың аға жаттықтырушысы – Никита Ефимов.

Бұл туралы облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы мәлім етті.

IHF Trophy U-18 континенталдық федерация кубогының Азия құрлықтық кезеңінің халықаралық турнирі Лакхнау қаласында өтті. Қазақстанның U-18 жасөспірімдер құрамасы 3-орынға ие болды. Құрама сапында №2 ОРМБЖМ оқушылары және облыстық гандбол мектебінің 8 шәкірті өнер көрсетті.

«Осы жарыста юниорлар арасындағы Қазақстан құрамасының сабында біздің спортшылар Кирилл Торчаков, Владислав Конев пен Вадим Кайсин қола медаль жеңіп алды», – деді жоғары спорт шеберлігі мектебінде.

Спортшыларды жаттықтырған облыстың аға жаттықтырушысы – Никита Ефимов.