Қостанай облысында жанармай құю станциясына шабуыл жасалды
Оқиға Әулиекөл ауданында болған.
Әулиекөл ауданында жанармай құю станциясына қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бетін шарфпен орап, қалпақ киген белгісіз адам операторды пышақпен қорқытып, ақша талап еткен. Күдікті әйелді қорқытып, күш қолданып 33 мың теңгені алып кеткен. Полиция қызметкерлері 41 жастағы күдіктіні ұстады. "Қазіргі уақытта қарақшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берілді. Осы қылмысты жасағаны үшін ол мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі", — делінген ІІМ таратқан хабарламада.