Жаңалықтар

Таразда ер адам құрылыс кранына шығып, өзіне қол жұмсамақ болды

скриншот

ТЖМ құтқарушылары өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алды.

Бүгін Жамбыл облысының «112» қызметіне Тараз қаласында Сәтбаев көшесі мен Жамбыл даңғылының қиылысындағы, 4 қабаттағы мұнаралы кранға өзін байлаған ер адамның өз-өзіне қол жұмсау әрекеті туралы хабарлама келіп түсті.

— Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖМ күштері жіберілді. Келген жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен психологтар ер адаммен әңгімелесіп, оның назарын аударды. Содан кейін құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтарды қолдана отырып ер адамды түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды, — делінген хабарламада.