Алматыда гүл дүкені өртенді

8 қаңтар, 2025 / Інжу Әлихан

Бүгін түнде Алматыдағы гүл дүкендерінің бірінен өрт шықты. 

ТЖМ күштері 150 ш.м. алаңды шарпыған өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген хабарламада. 

Министрлік кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды сұрайды.

Тэгтер:

Алматы