Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жаңартылған жасөспірімдер рейтингін жариялады. 17 жастағы қазақстандық Әмір Омарханов рейтингте он сатыға жоғары көтеріліп, қазір төртінші орында тұр, деп хабарлады olympic.kz.
Ол мансабында алғаш рет ТОП-5 қатарына кірді.
Өткен маусымда Омарханов Пекинде өткен J300 турнирін жекелей және жұптық сында үш ірі жарысты, соның ішінде бейресми әлем чемпионаты саналатын Orange Bowl турнирін жеңіп алды.