Көлікті 5 минуттан артық қыздырған қазақстандық айыппұл төлейді

7 қаңтар, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com
Алғашқы кезде  5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 19 660 теңге көлемінде айыппұл салынады

Ұзақ уақыт көлікті жылыту жанармай шығынын арттырып ғана қоймай, атмосфераға зиянды заттардың, соның ішінде көміртек тотығының бөлінуіне себеп болады. Осыған байланысты, Қазақстанда тұрғын үйлердің жанында жұмыс істеп тұрған қозғалтқышпен көлікті 5 минуттан артық тоқтатып қоюға тыйым салынған.

Inbusiness.kz мәліметінше, ережені бұзғаны үшін:

Жол қозғалысы ережелерінің 2-бөлімінің 9-тармағына сәйкес, көлік жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тағуға міндетті, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.

Бұл талапты орындамаған жағдайда 5 АЕК көлемінде айыппұл (19 660 теңге) қаралған.
Көлікті жылыту немесе қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты ұсақ құқықбұзушылықтар елеусіз болып көрінгенімен, айтарлықтай қаржылық шығындарға әкелуі ықтимал.

Тэгтер:

көлік