Қаза тапқандар бар: Үндістанда автобус шатқалға құлап кетті

6 қаңтар, 2025 / Өтей Торғайұлы
Оқиға салдарынан 32 адам жарақат алды.

Үндістанда шатқалған құлаған автобустың бірнеше жолаушысы қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

6 қаңтарда Үндістанның Керала штатында таңертеңгі уақытта автобус шатқалға құлаған. Бұл туралы үнді басылымы The Hindu жазды.  

"Оқиға Керала штатындағы Коттараккера-Диндуккал ұлттық тасжолында таңғы сағат алтыда болған. Салдарынан 32 адам жарақат алды, ал Мавеликардан келген тағы төрт жолаушы алған жарақаттарынан қайтыс болды",  — делінген хабарламада.

Болжам бойынша оқиғаға тежегіштердің істен шығуы себеп болған.

Тэгтер:

Автобус үндістан