Батыс Қазақстан облысында метапневмовирустың екі жағдайы 14 жасақа дейінгі балалардан анықталды.
Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, екі жағдайда да 14 жасқа дейінгі балалар ауырған.
Санитарлық дәрігерлер аймақ тұрғындарын инфекцияның таралу қаупін азайту үшін алдын-алу шараларын қолдануға шақырды.
Атап айтқанда:
- үй-жайларды желдету;
 - адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу;
 - науқастармен байланысты шектеу және оларды оқшаулау;
 - балаларға ерекше назар аудару, суық тию белгілері пайда болған кезде оларды балабақша мен мектептерге жібермеу сұралады;
 - егер жағдай нашарласа, медициналық көмекке жүгіну керек.