Талдықорғанда денесінің 96 пайызын күйік шалған әйел көз жұмды

6 қаңтар, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот
Полиция қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Талдықорғанда 31 желтоқсанда жеке үйдегі газ жарылып, салдарынан сол күні жанұяның отағасы қаза тапқан. Ал 5 қаңтарда 46 жастағы әйел көз жұмды. Оның денесінің 96 пайызын күйік шалған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен 7 адамның екеуі қайтыс болды. Олар әйелі мен күйеуі. Қазір денесінің 38-40 пайызын күйік шалған тағы бір науқас жансақтау бөлімінде жатыр.

Полиция қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Тэгтер:

Талдықорған