T-LIFE

Ұлыбританияда 6 айлық нәресте айына 45 мың доллар табыс табады

cурет: istockphoto.com

Ұлыбританияда 6 айлық нәресте ай сайын 45 мың доллар ақша табады. Оның анасы баланы әртүрлі брендтердің фотосессияларына қатыстыру арқылы табыс тауып отыр.

Баланың үлкен ағасы да осы кәсіппен айналысады. Екі ағайынды жөргектен бастап жұмыс істеп келеді. Дегенмен, олардың тапқан ақшасын тек 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайдалана алатыны белгілі болды.

Британдық БАҚ бұл оқиғаны талқылап, балалардың мұндай ерте жастан жұмысқа араласуының оң және теріс жақтарын жарыса жазуда. Кейбіреулер мұны табысты болашаққа дайындық десе, өзгелері балалық шақтың қадірін білмей қалу мүмкіндігін алға тартуда.

Хантер мен Ромеоның болашағы қалай болары белгісіз, бірақ олардың анасы балалардың табысын арнайы қорға жинақтап жатқанын айтып, бұл әрекеті үшін өзін кінәлі сезінбейтінін мәлімдеді.